Қазақстанның Тұңғыш Президент күні Анкарада аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Тұңғыш Президент күні Анкарада аталып өтті

02.12.2021

Елбасы- түркі дүниесінің бүгінгі Білге Қағаны. Қазақстанның Тұңғыш Президент күні Анкарада өткен конференцияға қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне осындай баға берді. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Кечиөрен ауданының бастамасымен өткен халықаралық жиында Елбасының аймақтың ғана емес, әлем елдерінің тұрақтылығы мен бейбітшілігіне қосқан үлесі әңгіме арқауы болды. Сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі елдеріне ортақ бастамалары келер ұрпаққа баға жетпес мұра екенін тілге тиек етті. Шара барысында Елбасы туралы фильм көрсетіліп, түрік тілінде жарық көрген кітаптары таратылды. Бұдан бөлек «Әлем таныған Елбасы» көрмесіне Тұңғыш Президенттің фотосуреттері қойылды.

Ялчын Топчу, Түркия Президентінің бас кеңесшісі:
Назарбаевтың бастамалары әлемде бейбітшілік қтылыққа мол үлес қосты десек артық айтпаймыз. Ол тек елінің ғана емес, Түркі жұртының көшбасшы деуге болады.
Мехмет Сейфеддин Эрол, Анкара стратегиялық зерттеулер орталығының директоры:
Мәселен, Түркі Мемлекеттері ұйымы, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Түркі Академиясы мен ТүркПА оның бастамасымен құрылды. Елбасының түркі елдерінің сыртқы саясатының бағыт- бағдарын айқындағанына куә болдық. Осындай еңбектеріне қарай, түркі дүниесінде «Назарбаевтың миссия ордені» атты марапат тағайындауды ұсынамын.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу