Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы елдердің Парламент өкілдері ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жаһандық ұйым өз қызметін қазіргі жағдайларға барынша бейімдеуі қажет дейді. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұйымның Бас хатшысының бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі лауазымын тағайындау туралы бастамасының маңызына тоқталды. Парламент өкілдерінің «Бітімгершілік қызмет және бітімгерлік күштер туралы» модельдік заңды қабылдауы- ұйымның бітімгершілік әлеуетін дамытуға сеп болады дейді Нұрлан Нығматулин . Отырыста Мемлекет басшысының биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бастамалары мен Ауғанстандағы жағдай сөз болды.