ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының отырысы өтті

30.11.2020

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің Парламент өкілдері модельдік заңнаманың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады. Сондай-ақ келесі жылға арналған жұмыс жоспарларын түзді. Құжаттар онлайн режимде өткен Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы отырыстарында қаралды.

Бейнеконференцияға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қатысып, бұл бағдарлама Ассамблеяның нормативтік-құқықтық базасын тереңдету үшін маңызы зор екенін атап өтті. Құжатта ауқымды деректерді қалыптастыру және пайдалану, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрлық қолтаңбалар жасау жөніндегі ұлттық заңнаманы дамыту мәселелеріне қатысты модельдік актілер бар.  


ҰҚШҰ парламенттік ассамблея отырыс

Хабарламаларға жазылу