Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Qazaqstan Team» республикалық жастар ұйымы «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығын талқылады. Шараға қатысқан түрлі қоғамдық бірлестік басшылары мен спортшылар және кәсіпкерлер «жеті тұғырдың» ел болашағы жастар үшін маңызы зор деді. Әсіресе «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті дейтін Елбасы үндеуін жастардың санасына бірлесіп сіңіруіміз қажет дейді. Ұйым алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істемек. Бұл «жеті тұғырда» айтылған Тәуелсіздік, жер, отбасы мен салт-дәстүр және тіл мәселелерін жетік білетін білімді ұрпақ тәрбиелеуге сеп дейді қатысушылар.