Оралда «Тәуелсіздік және ауыл жастары» республикалық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Тәуелсіздік және ауыл жастары» республикалық форумы өтті

29.11.2021

Оралда «Тәуелсіздік және ауыл жастары» ұранымен ІІІ республикалық форум өтті. «Ауыл» партиясы ұйымдастырған шараға елдің әр түкпірінен 400-ге жуық жас қатысты. Олар ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыссыздық мәселесін шешу туралы ой-пікір білдірді. Сондай-ақ ауылда кәсіп ашып, тың жобаны жүзеге асыру әдісі, ауылға жастарды тарту туралы ұсыныстарын ортаға салды. Ал партияға мүше депутаттар мен ауыл әкімдері келер ұрпаққа саяси белсенді болуға шақырды. Форум соңында Тәуелсіздіктің жаңа кезеңіне қадам басқалы отырған жастарға үндеу жолданды.

Әлжан Шамшиддин, «Ауыл»партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты:
Форум тыңғылықты идеяларды бөлісіп қана қоймай, оны іске асырудың механизмдерін қарастырумен айналысып жатыр. Нәтижесінде көптеген идеялар қорытындыланып, осы «Ауыл» партиясының бағдарламалық тұғырнамасына енеді деген ойдамыз және ҚР Үкіметіне ұсыныс ретінде жіберіледі деген үміттеміз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу