Қазақстандық гимнаст Ислам Қабдоллов жасөспірімдер арасындағы акробатикалық жолда секіруден алтын медальға ие болды. Ол Бакуде өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан 28-ші Әлем чемпионатында өнер көрсетті.
Бұдан бөлек, жұптасып синхронды секіруден әлем чемпионатында қазақстандық Роман Барков пен Игорь Грачёв те алтын медаль жеңіп алды. Олар қарсыластарын басып озып, ең жоғары ұпайды иеленген. Спортшылар 4 жылдан бері сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Ақниет Балтанова