Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатында 4-орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатында 4-орын алды

04.10.2021

Литвада өткен футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4-ші орын алды. Жерлестеріміз кеше бразилиялықтармен үшінші орынға таласқа түскен. Екі команданың ойыны соңына дейін тартысты өтті. Алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасы 1:0 есебімене басым түскен болатын. Десе де келесі кезеңде қарсы команда дес бермеді. 4:2 есебімен Бразиялықтар жеңіске жетті. Десе де Қазақстандың құраманың Әлем чемпионатында үздік бестікке дейін жетуі команда тарихындағы алғашқы жетістік. Осы турнирдегі жетістігі үшін Халықаралық футбол федерациясы Қазақстан құрама командасын арнайы сыйлықпен марапаттады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу