Көлік дөңгелектерінің маусымға сәйкестігі тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік дөңгелектерінің маусымға сәйкестігі тексеріледі

29.11.2021

Енді қысқы маусымда жазғы дөңгелекпен жүрген көлік жүргізушілері айыппұл арқалайтын болады. Қауіпсіздікке бей-жай қарағандарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Техникалық талапқа сәйкес қысқы дөңгелек жабындары 4 мм, ал жазғы дөңгелек 1,6 мм-ден кем болмауы тиіс. Барлық маусымға арналған дөңгелекте қажетті M немесе S маркировкаcы болуы шарт. Ереже 1-желтоқсаннан күшіне енеді. Оған дейін жол сақшылары талапты бұзғандарға тек ескерту жасаумен шектеледі.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу