«Miras» алаңында «Елдіктің жеті тұғыры» талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Miras» алаңында «Елдіктің жеті тұғыры» талқыланды

26.11.2021

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығы партия жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінде талқыланды. Жиынға қатысқан сенат пен мәжіліс депутаттары және зиялы қауым өкілдері «Елдіктің жеті тұғыр» аяқ асты жарияланған концепция мен идеялардың жиынтығы емес дегенді алға тартты. Айтуларынша бұл Елбасы осыған дейін жариялаған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» мақалалары мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының логикалық жалғасы. Мұндағы білім, жер мен ұлт аралық қарым-қатынас мәселесі тәуелсіздікті нығайту үшін бағытталған.
Әлібек Асқар, жазушы:
Тәуелсіздік тұғырына қонғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осы арада еліміз көптеген реформаларды жүзеге асырып, экономикалық даму қарқынын өсіріп, үлкен табыстарға қол жеткізгеніне куәміз. Осы 30 жылдағы басты жетістіктің бірі – республикамыздың шекарасын толықтай заңдастырып, бекітуіміз.
Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу