Жалған шот-фактура жасағандар мемлекетке 2 млрд теңге шығын келтірді. Шығыс Қазақстанда 3 жыл бойы салықтан жалтарып, заңсыз ақша иегергендерге қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар кәсіпті Өскемен мен Алматы қаласында өзге адамға тіркеп, кейін соның атынан орындалмаған жұмысқа шот-фактура жазумен айналысқан. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, олар жалпы соманың 1,5% алып отырған. Ұйымдастырушылардың бірі заңсыз алған ақшаға кәсіп ашып, 37 млн теңге табыс тапқан.
Ақерке Бектас