Лукашенко Польшамен арадағы шекараға барып, мигранттармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лукашенко Польшамен арадағы шекараға барып, мигранттармен кездесті

26.11.2021

Беларусь президенті Александр Лукашенко Польшамен арадағы шекарадағы логистикалық орталыққа барып, мигранттармен кездесті. Жүздесу барысында ол Еуро одақты гуманитарлық дағдарысты әдейі ұйымдастырды деп айыптады. Саясатты қолданып, босқындардың тағдырымен ойнамайтынын ескертті. Мемлекет басшысы Германияға мигранттарды қабылдау жөнында ұсыныс тастады.

Алайда, ресми Брюссель Лукашенко өз үкіметіне санкция жариялаған одақтан кек алу үшін осындай әрекетке барып отыр деп есептейді. Таяу Шығыс елдерінен мыңдаған адамды ұшақпен тасып, оларды Польша маңына жіберген. Минск болса, бұл мәлімдемені үнемі жоққа шығарып келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу