Алматыда Тауман Амандосовтың 100 жылдығы орай конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Тауман Амандосовтың 100 жылдығы орай конференция өтті

26.11.2021

Алматыда «Журналистика, баспа ісі және медиа дизайн» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Шара профессор Тауман Амандосовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жиынға ғалымның көзін көргендерден бөлек, онлайн арқылы шетелдік қайраткерлер де қатысты.

Тауман Амандосов - ғасырға жуық өмірін университет қабырғасында өткізіп, жүзден астам ғылыми еңбек жазған. Сондай-ақ, 10-нан астам монографиясы мен «Қазақ баспасөзінің тарихы мен теориясы», «Қазақ баспасөзінің жанрлары», «Қазіргі қазақ публицистикасы» атты іргелі ғылыми еңбектері күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Конференцияда оның ғасыр мерейтойына орай ұйымдастырылған «Амандосов» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Алмабек Ыбрайымов, байқау жүлдегері:

Мен Тауман Салықбайұлы Амандосов атындағы байқауға қатыстым. Ғылым аталымын жеңіп алдым. Өте қатты қуаныштымын. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілегім бар. Бұл болашақ қазақ журналистикасының дамуына өте көп үлесін қосатын жас ғалымдарды даярлауға жақсы мектеп болады деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу