Жыл басынан бері теміржолдағы ереже бұзу фактілері 17,5% азайды. Бұл туралы Алматыда өткен темір жол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері талқыланған Еуразиялық форумда айтылды.
Қазақстанда жолаушылар қатынайтын және тасымалданатын жүктердің басым бөлігі темір жолға тиесілі. Салаға цифрландыру жүйесін және темір жол көлігі инфрақұрылымына инновацияларды енгізу тетіктері талқыланды. Соңғы жылдары елімізде қауіпсіздік көрсеткіштері жақсарған. Бұған пойыздарды басқару жүйесін автоматтандыру және қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру арқылы қол жетті дейді теміржолшылар.