Ресейде көмір шахтасы өртеніп, алты адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде көмір шахтасы өртеніп, алты адам қаза тапты

25.11.2021

Ресейдің Кемерово облысында көмір шахтасы өртеніп, алты адам қаза тапты. Тағы 49 кенші жер астында қалып қойды. Қазір құтқару операциясы жалғасып жатыр. 236 жұмысшы сыртқа тірі шығарылған.

Қайғылы оқиға Белово қаласындағы «Листвяжная» шақтасында болды. 43 адам жараланған, екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Өрт болған кезде 250 метр тереңдікте 285 адам жұмыс істеп жатқан. Кей мәліметтерге қарағанда, шахтада алдымен жарылыс болып, содан кейін өрт басталған. Ал кен орнын басқаратын компания шахтада көмір тозаңы жанғаннан кейін түтін тарағанын ғана растап отыр.


Хабарламаларға жазылу