Нигерде мектептегі өрттен 25 бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерде мектептегі өрттен 25 бала қаза тапты

09.11.2021

Нигерде төбесі сабаннан жасалған мектеп өртеніп, 25 бала қаза тапты. Олардың бәрі - бастауыш сынып оқушысы. Тағы 14 жеткіншек жараланған.  Бесеуінің халі мүшкіл. Қайғылы оқиға ел астанасынан 600 шақырым жердегі Маради қаласында болды. Мұндағы мектептерде сабақ тоқтатылып, алдағы үш күн аза тұту күні деп жарияланды.

Тап осы Нигер елінің оңтүстігінде қолдан жасалған алтын шахтасы опырылып, 18 адам қаза тапты. Оқиға мектеп өртенген Маради қаласына жақын маңда болған. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені үйінді астында қалғандар әлі толық шығарылған жоқ. 


Хабарламаларға жазылу