Исламабад маңында 1,3 млрд доллардың есірткісі өртелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исламабад маңында 1,3 млрд доллардың есірткісі өртелді

25.11.2021

Пәкістанда құны 1,3 миллиард доллардың есірткісі тәркіленіп, өртелді. Бұл операция мемлекет астанасы Исламабадтың шетінде жүзеге асырылған.

Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, жойылған есірткі құрамында апиын, героин, кокаин, амфетамин, кетамин, метамфетамин, гашиш және басқа да тыйым салынған химиялық заттар бар.

Пәкістан - өзінің батыстағы көршісінен есірткіні дүниежүзілік нарыққа тасымалдайтын негізгі арна. Ал Ауғанстан - әлемдегі ең ірі героин және негізгі гашиш өндіруші ел саналады.

Хабарламаларға жазылу