Оралда суды тұтыну көлемі бақылауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда суды тұтыну көлемі бақылауға алынды

24.11.2021

Оралдың шағынаудандарында су өлшегіш құралдар қойылып, тіршілік нәрін тұтыну көлемі бақылауға алынды. Бұл - суды жеткізу мен тиімді пайдалану үшін қабылданған шара дейді жергілікті билік. Соңғы жылдары Жайықтың деңгейі төмендеуінен шаһарда су тапшылығы сезілді. Әрі су-кәріз жүйесінің құбырлары жарылып, қала апталап сусыз қалды. Қазір де инженерлік желілердің 60 пайызы тозғандықтан, су беру жиі тоқтайды. Бұл мәселені жою үшін жерасты су көздеріне ұңғымалар қазылып, коммуналдық мекемеге бюджеттен 220 млн теңге қаражат бөлінген.

Абат Шыныбеков, қала әкімі:

КНС-тардың апатты жағдайына байланысты жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Сонымен бірге қосымша насостар алу мәселесі бар. «Батыс Су арнасының» материалдық-техникалық ресурстарын көбейту мақсатында қосымша КНС-тарға, коллекторларды тазалауға қажетті 9 техниканы жоспарлап, 7-уін алдық. Қалған екеуін басқа техника түріне ауыстырып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу