Израильде 5-11 жастағы балаларға вакцина салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде 5-11 жастағы балаларға вакцина салынып жатыр

23.11.2021

Израильде 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға «Файзер» вакцинасы салынып жатыр. Сондағы мақсат – қайта күшейген пандемияны тоқтату.

Елде инфекцияның төртінші толқыны маусым айында басталып, қыркүйекте саябырсыды. Алайда өткен екі аптада коронавирус қайта өрши бастаған.

Израильдің 9,4 миллион халқының 1,2 миллионы - оқушылар мен мектеп жасындағылар. Қарашаға дейін вирус жұқтырғандардың үштен бірі – балалар болған. Ғалымдардың ойынша, жеткіншектер толық вакциналанбаса, ұжымдық иммунитет қалыптастыру қиынға соқпақ.


Хабарламаларға жазылу