Бұл - еліміздің барлық өңірінде іске қосылатын 17 орталықтың алғашқысы. Мекемеде стартап, бизнес жобаларды жүзеге асыру және одан әрі дамытуға қатысты бірқатар қызмет түрлері көрсетіледі. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ләззат Рамазанованың айтуынша, орталықта әйелдер бизнесін дамытуға бағытталған зерттеу, маркетинг, оқыту және басқа да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондықтан тың жоба қыз-келіншектерге өз бизнесін ашып, жаңа мамандықтарды игеруге көмектеспек. Мұндай орталықтарды алдағы аптада Маңғыстау, Алматы облыстарында және ендігі жылы қалған 14 өңірде ашу жоспарланып отыр.
Ләззат Рамазанова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы:
Бизнесін бастаған әйелдерге осы жерде бизнесмендер сұрақтарына жауап береді, бизнесті қалай дамыту керек, қандай технологияларды қолдану керек деген сияқты сұрақтарға нақты жауап алады.