Елордада Назарбаев дамыту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Назарбаев дамыту орталығы ашылды

30.10.2020

ҚР Тұңғыш Президенті музейінің жанынан Назарбаев дамыту орталығы ашылды. Жасөспірімдер мен жастарға арналған орталықта 4 зертхана бар. Robo lab робототехниканы, Design lab бейнемонтаж, анимация, дизайн жасауды, Far lab инженерлік математиканы, VR Lab зертханасы ғылымды үйретеді. Үйірмелерге қатысу айына 9 мың теңге. Ал әлеуметтің осал тобына жататын адамдар үшін барлық сабақтар тегін. Сондай-ақ 7 жастан асқан балаларға арналған шахмат сыныбы бар. Орталықта коворкинг бөлмесі мен конференция залы да жұмыс істейді. Алдағы уақытта журналистика және ағылшын тілі курстары ашылмақ.

Әлкей Марғұланұлы, Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:
Мұның барлығы ғылым тілінде STEM деп аталады. Ғылым, технология, инженерия және математика. Елімізде қазір математика, физика бағытындағы мектептер көп. Ол жердегі алатын білімді практикалық бағытта жүзеге асыру кішкене ақсап тұрған еді. Біз сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы лабораторияны ашып отырмыз. 

Ақниет Балтанова

дамыту орталығы анимация дизайн

Хабарламаларға жазылу