Діни тұрақтылық - ел дамуының кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діни тұрақтылық - ел дамуының кепілі

18.11.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елде 60-қа жуық мешіт тіркелсе, қазір олардың саны 3000-ға жетеді. 12 медресе колледжі, діни білімді жетілдіруге бағытталған ЖОО бар. Ел аумағындағы діни бірлестіктердің жұмысы мемлекет тарапынан жүйелі жолға қойылып, ресми түрде 18 конфессиялық ұйым тіркелді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі де алғаш рет біздің елде өткен. Келер жылы оған 7-мәрте 40 мемлекеттен өкіл қатысатынын растады. Қазіргі таңда съез - діни ынтымақты нығайтатын әлемдегі жалғыз алаң.

Балғабек Мырзабаев, «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» корпоративтік қоры жетекшісінің кеңесшісі:  

Әлемде бүгінге дейін қаншама елдер дін саласында қаншама жаңалық енгізгісі келсе де, оншалықты қолдау таппаған еді. Ал, керісінше, Қазақстанның бастамасы бүкіл елде ешқандай дін өкілдері тарапынан қолдау тауып, өміршеңдігін көрсетті.

Жандәулет Сүлейменов, «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары: 

Конституциямыздың 1-бабында да мемлекеттің басты байлығы адам және оның өмірі дейді. Сондықтан да бұл жасалып жатқан игі шаралардың барлығы адамның құқығын сақтау, олардың өмірін сақтауға бағытталған жұмыс деп айта аламыз. Бұл - Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздік саласында діни экстремизм, терроризмнің алдын алу бағытындағы кешенді үлкен халықаралық деңгейде жасаған шарасы.


Хабарламаларға жазылу