Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиеген жүк көлігі өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

17.11.2021

Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиеген «ГАЗель» көлігі өртеніп кетті. Оқиға түнде Орал-Атырау тасжолының бойында Ақжайық ауданы Самал ауылының тұсында болған. 21 жастағы жүргізуші аман қалды. Қазір өрттің неден болғаны, шығыны, кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу