Гуманитарлық көмек алған ауғанстандықтар алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гуманитарлық көмек алған ауғанстандықтар алғыс айтты

11.10.2023

Қазақстанның гуманитарлық жүк тиеген әуе рейсі, Ауғанстанның Герат әуежайына қонды. Граф зілзала салдарымен күрес штабының мүшесі Гаврал Абдул Саттар бастаған топ, қазақстандықтардың атынан жеткізілген көмекті қабылдап алды. Ол Қазақстан Иран мен Түркиядан кейін үшінші болып көмек жеткізгенін айтты. Штаб өкілі қиын күнде қол созған дос пейілді Қазақстанның халқына, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамыз,- деді. Айта кетейік, ұшаққа 1200 адамға пана болатын 70 шатыр, жалпы салмағы 6 тоннадан асатын дәрі-дәрмек тиелген. Бұған дейін құтқарушыларымыз барған болатын.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу