Сауытбек Абдрахмановтың «Сұхбат сыры» кітабының таныстырылымы өтті. Туынды «Егемен сериясы» арқылы жарық көрді. Бұған дейін Шерхан Мұртазаның «Намыс найзағайы», Әбіш Кекілбайұлының «Дәуір дауысы» кітаптары оқырманға жол тартты. Серияның ерекшелігі - «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалалар топтастырылған. Ал жазушы-публицистің бүгінгі еңбегі 16 жыл жазып, жинақтауының жемісі. Жанры – сұхбат қана.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жазушы-публицист:
Тек сұхбат жанрындағы жариялымдар топтастырылған. Бұл жағынан орынды болды деп ойлаймын. Өйткені менің журналистік жолымдағы өзіндік өрнегін танытатын саласы - сұхбат саласы. Жас журналистер үшін үйренетін жайлары бар кітап болады деп ойлаймын.