Музейлерде арнайы ғимарат жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музейлерде арнайы ғимарат жоқ

11.02.2014
Музейлерде арнайы ғимарат жоқ
  Жәдігерлердің қай -қайсы да тарих үшін қымбат. Ақтөбе облысында 19 музей жұмыс істейді. Дені бейімделген ғимаратта отыр. Ал, қойнауы тарихқа тұнған өлкетану мұражайы жылдар бойы жиып-терген жәдігерлерін көрсете алмай тығырыққа тірелуде
 
Әлия Таласова, тілші:
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазір 105 мыңнан аса жәдігер бар. 60 пайызы арнайы залға сыймай қорда былай сақтаулы тұр. Тарих тұнған ғимаратты   тамашалауға жылына 80 мыңнан аса адам келеді. 
 
Тарихты тануға ниеттілер бар. Бірақ музейдің көрме залы тар. Өңірдің өткенінен сыр шертетін көне дүниелер тақырыпқа бөлініп, 10 бөлмеге орналасқан. Сыймағаны 20 топтық қорда жатыр.
 
Базаргүл Тұрлыбаева, Қорларды ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі:
Әрбір жәдігер құнды. Оны біз қандай жағдай болғанда да халыққа көрсетеміз. Насихаттаймыз әртүрлі жолдармен. Көрме жасаймыз. Акциялар ұйымдастырамыз.
 
Бұл музей кеңес дәуірінде қонақүй ғимаратына орналасқан. Ашылғанына биыл 85 жыл. Уақыт пен заман лебі жаңаны талап етеді. Тапшылық тауқыметінен мамандар ұлттық жәдігерлерді көрмеге алмастырып қояды. Әзірге бұл қиындықтан шығар басқа әдіс жоқ. Өңірде 19 музей болса, ғимарат мәселесі оның 80 пайызына ортақ жайт.
 
Нәзира Табылдинова, Ақтөбе облыстық Мәдениет басқармасының басшысы:
11 музейдің 4 музейі ғимаратсыз. Басқа жерде орналасқан. Сондықтан да қиындықтары бар. Бірақ, болашақта ол жерлерге ғимараттар қарастырылуда. Қазір Мұғалжарда жаңа ғимарат қараймыз деп жатырмыз. Алғада кеше мәдениет үйінің екі бөлмесіне музей ашып жатырмыз.
 
Аудандық филиалдар бөлмелер мен бейімделген ғимаратты амалдай тұруға мәжбүр. Ал, өлкетану мұражайында қорда да орын жоқ. Жаңа ғимарат қажет деп, дабыл қақандарына 8 жыл. Іс биыл қолға алынар деген үміт бар. 
 
Мейрам Нұрланұлы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы:
4 мың шаршы метрге жуық көлемді жоспарлап отырмыз. 3 қатарлы ғимараты. Жер көлемін сұрап жатырмыз ғимаратпен қатар. Мынау аспан астындағы музей мәселесін көтеріп жатырмыз.
 
Жаңа музейде - кешенді демалыс орны қарастырылған. Смета әзірленіп, қаржысы бекітілсе құрылыс осы жылы басталады. Болашақта тұрғын саны миллионға жететін Ақтөбеде бұл ең зәулім мәдени ғимарат болмақшы.
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу