Азық-түлік қымбаттап, инфляция өсіп жатқанда жұмыс беруші жалақы көлемін өсіруге міндетті ме? Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекақыны индексациялау мәселесіне қатысты түсінік берді. Айтуларынша, бұл - жұмысшы мен мекеме арасындағы келісімшартқа байланысты. Егер онда инфляцияға сай жалақыны индексациялау қарастырылған болса, айлық өсуі тиіс. Әйтпегенде жұмыс берушіге айыппұл қарастырылған. Десе де көп жағдайда келісімшартта бұл ескерусіз қалып жатады екен. Айта кетейік, ақшаның құнсыздануына байланысты бұған дейін Президент зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруді тапсырған.
Досжан Маратұлы