Роман Скляр коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға қатысты түсінік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Скляр коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға қатысты түсінік берді

07.09.2020

Қазақстан Ресейлік вакцинаны сатып алмауы да мүмкін. Екі ел арасында жасалған келісім тексерудің барлық сатысы сәтті аяқталған кезде екпені алғашқылардың бірі болып сатып алуға мүмкіндік береді. Президент Жолдауын жүзеге асыру тақырыбындағы брифинг кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр осылай деді. 

Сондай-ақ жыл басынан бергі салалық дамудың көрсеткіштері айтылып, оларды ары қарай өсірудің тетектері нақтылады. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріледі. Мемлекет басшысы бұл саланы 1,5 есеге арттыруды тапсырған.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу