Маңғыстау облысында салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын тұрғындар қатары артты. Мәселен, биыл былтырға қарағанда 13 мың адам спортқа бет бұрған. Бұған аулаларда, көшелерде, теңіз жағасында жаттығу алаңдарының көптеп салынуы тікелей септігін тигізді. Аймақта балалар спорт мектептерінің жұмысы да жандана түсті. Жеткіншектер 20 шақты орталықта спорттың 46 түріне тегін қатысады. Облыста 800-ден астам спорт нысаны бар. Жуырда Түпқараған ауданында тағы 2 бірдей кешен іске қосылды.
Мұқсин Дүйсенғалиев, Ақтау қаласының тұрғыны:
Әр ықшам ауданда, әр спорт алаңының алдында бала үшін де, үлкен кісілер үшін де барлық жағдай жасалған. Жүгіру алаңы, турникке тартылу - бәрі бар. Теңіз жағасына барыңыз, біздің қала тұрғындары үшін жағдай жасалған.