Алматы облысы: Арқарлы петроглифтері қорғауға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы: Арқарлы петроглифтері қорғауға алынады

14.11.2021

Алматы облысындағы Арқарлы петроглифтері қорғаусыз жатқан еді. Қорғауға алынатын болыпты. Таңбалы петроглифтеріндей емес, көпшілік білмейді де. Ал материалдық тарихи құндылық ретінде өте маңызды ескерткіштер. Бабалардан қалалар мен сарайлар қалмаған...

Мұндай ескерткіштерді аялау керек бізге. Сонымен бірге сол Алматы облысындағы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген үш көне қаланың бірі - Қарамерген қалашығы. Зерттеушілер бұл шаһарда тіршілік ІХ-ХІІІ ғасырларда болған деседі. Жібек жолының бір тармағында орналасқан тарихи нысан әлі кешенді зерттелмеген.

Өңірдегі меншікті тілшіміз Қуаныш Қанатұлының материалы.


Хабарламаларға жазылу