100-ден астам маманға мерекелік сыйлық табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100-ден астам маманға мерекелік сыйлық табысталды

12.11.2021

Тәуелсіздік жылдарында өз мамандығының хас шебері атанған жүзден астам маманға мерекелік сыйлық табысталды. Игі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Білім өркениеті ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 500 үміткер қатысты. Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосқан мамандардың арасынан 120 азамат «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атына лайық деп танылды. Олардың арасында білім, медицина және ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері бар.



Хабарламаларға жазылу