БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Батыс Лукашенконы дағдарыс үшін айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Батыс Лукашенконы дағдарыс үшін айыптады

12.11.2021
0:00:00
0:00:00

Батыс мемлекеттері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде Беларусьті Польшамен арадағы шекарадағы миграциялық дағдарыс үшін қатаң айыптады.

Эстония, Франция, Ирландия, Норвегия, АҚШ, Британия өкілдерінің айтуынша, президент Александр Лукашенко босқындарды Еуропа одағының шығысын тұрақсыздандырудың қаруына айналдырып жатыр. «Мұндай тактиканы қабылдай алмаймыз. Беларусьті жауапқа тарту үшін халықаралық ынтымақтастық қажет», - дейді дипломаттар.

Айта кетсек, қазір Беларусьтің Польшамен арадағы шекарасына Таяу Шығыстан, Ауғанстаннан, Африкадан мыңдаған мигрант жиналып қалды. Брюссельге сенсек, оларды Минск пен Мәскеу аймаққа ұшақпен арнайы тасыған.

Алайда Лукашенко да, Ресей президенті Владимир Путин де мұны мойындамай отыр. Және де Беларусь лидері осы дағдарыс үшін өз үкіметіне қарсы тағы да санкция жарияланатын болса, Ресей газын Еуропаға өткізбейтінін ескертіп отыр.


Хабарламаларға жазылу