Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейетіндігін айтады. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады. Ал теріскейде жаяу бұрқасын, көктайғақ болмақ. Еліміздің батысында, солтүстігінде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі дейді ауа райын болжаушылар. Ал жауын-шашынға келетін болсақ, еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аймақтарында аспан ашық болмақ. Республиканың қалған бөлігінде жауын жауып, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады.