Елордада нейрохирургиялық ауруларды емдейтін әмбебап операция залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада нейрохирургиялық ауруларды емдейтін әмбебап операция залы ашылды

11.11.2021

Елде нейрохирургиялық ауруларды емдейтін әмбебап операция залы жұмыс істейді. Артықшылығы сол – заманауи медициналық технологияларды өзара үйлестіріп көпсалалы апаратқа айналдырған. Қазір микроскоп, рентген, нейромониторинг, нейронавигация – бір тұтас құрылғы. Ал дәрігерлер топ болып ем жүргізеді. Яғни, әр бағыттағы 8 маман ми, омыртқа, жұлын және жүйке жүйесі сырқаттарына бірлесіп емдейді. Республика аумағында осындай инновацияны Президент іс басқармасы медициналық орталығы алғаш болып енгізді. Енді науқастар шетел асып, табандарынан таусылмайды. Осы озық технологияларды пайдалану, ғылыми жетістіктер мен кәсіби кадрлар арқылы кардиологиялық, неврологиялық және онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік бар.

Сәуле Қисықова, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының басшысы:
Ең бірінші принцип -әр науқас өзі ерікті түрде дәрігер мен мекемені таңдайды. Осы жылдар ішінде біздің ауруханаларды  100 мыңнан аса адам пайдаланды. Олар барлық өңірден келіп ем алды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу