Елімізде нейрохирургия саласы дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде нейрохирургия саласы дамып келеді

30.10.2019

Қазақстан әлемдегі медицинасы дамыған елдердің қатарында тұр. Алматыда өткен халықаралық нейрохирургтардың жиынында шетелдік мамандар осыны айтты.

Олардың сөзінше, әсіресе, Орталық Азия халқы Қазақстан медицинасына жүгінеді. Өйткені ең күрделі нейрохирургиялық операциялар осында жасалады. Мәселен, қалалық №7 ауруханада осындай ауру түрлерін емдейтін 5 бөлім бар. Білікті дәрігерлер жылына 2 мың операция жасауға қауқарлы. Осы заманға сай технологиялар да жеткілікті. «Дегенмен, медицина сәт сайын дамығандықтан, проблемалар да жоқ емес», - дейді біздің мамандар. Сондықтан нейрохирургтар басқосуда негізгі мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Әлібек Жанысбаев, нейрохирург-дәрігер:

Жылына 400-500 жоғары технологияларды пайдаланып жасалатын операциялар бізде бар. Емдеу нәтижелері бойынша көрсеткіштерді әлемдік көрсеткіштермен тең дәрежеде деп айтуға болады. Тек операция емес, операциядан кейінгі жағдайларды да қолға алып жатырмыз.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу