Мұнай қымбаттағанымен, теңге әлсіреп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай қымбаттағанымен, теңге әлсіреп жатыр

10.11.2021

Мұнай 7,5%-ке қымбаттап, бағасы 84 доллардан асқанымен, теңге әлсіреп жатыр. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, валюта бағамының түсуіне импорттың артуы себеп. Биыл Ресейден келетін тауарлар үлесі 36 пайызға артқан. Бұл рубльге шаққанда теңгенің әлсіреуіне әкеліп, қазанда Ресей ақшасы 6 теңгеден асқан. Кешкі сессияның қорытындысы бойынша бір доллар 428 теңге 53 тиынға теңесті. Еуро 496 теңге шамасында.


Хабарламаларға жазылу