Теңге долларға шаққанда 446 теңгеге дейін арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге долларға шаққанда 446 теңгеге дейін арзандауы мүмкін

07.12.2021

Келер жылы теңге долларға шаққанда 446 теңгеге дейін арзандауы мүмкін. Халықаралық ірі қаржы компаниясының сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Айтуларынша биыл мұнай айтарлықтай қымбаттағанымен теңге бағамы кері кеткен. Тіпті Ұлттық банктің интервенция жасауына тура келген. Оның үстіне шетел валютасына сұраныс артып, инфляция өсіп жатыр. Сарапшылар сол үшін ұлттық валютамыз 446 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін дейді.

Десе де теңге бүгін керісінше нығайды.

Қазір доллар: 434 теңге 60 тиын.

Еуро - 493,3. Рубль - 5 теңге 80 тиын.


Хабарламаларға жазылу