Атырау облысына Рfizer вакцинасының 17 мың дозасы жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысына Рfizer вакцинасының 17 мың дозасы жеткізіледі

10.11.2021

Атырау облысында 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакциналау үшін дайындық жұмыстары басталды. Өңірде Pfizer екпесін алуға қарсы көрсетілімі жоқ тұрғындар саны 76 мыңды құрады. Аталған дәрілік препараттың бірінші және екінші компоненттерінің 153 270 дозасы жеткізіледі. Қазір облысқа 2 дана Pfizer вакцина мұздатқышы әкелінді. Осы аптаның соңына дейін шетелдік вакцинаның 17 550 дозасын жеткізу жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу