Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау саласындағы қылмыстық топты әшкереледі. Олар автокөліктерді заңсыз техникалық байқаудан өткізумен айналысқан. Бұл үшін Қазақстанның бірнеше аймағында 28 техникалық байқау орталығын ашқан. Бірақ бұл фирмалар тек қағаз жүзінде жұмыс істеген. Яғни, машина тексеруден өтті деген жалған диагностикалық карта жазып отырған. Темір тұлпардың техникалық жағдайын қарамай ақ, құжат жазып берудің құны бір көлік үшін кемінде 2 мың теңге болған. Соңғы бес жылда еліміздегі көлік иелеріне 260 мың жалған диагностикалық карта берілген. Осылайша, қылмыстық топ жарты миллиард теңгеден көп ақша тапқан. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Шыңғыс Әлекешев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі:Көп жылдар бойы еліміздің 5 өңірінде автокөліктерді жалған техникалық байқаумен айналысқан. Елордадағы Көліктік бақылау инспекциясының бұрынғы бастығы бастаған, жалпы қатысы бар 30 адам анықталды. Инспекциясының бұрынғы бастығы сот шешімімен қамаққа алынды.
.Берік Көшербай