Ақмола облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа ауысты. Бұған дейін өңір бір ай бойы «қызыл» аймақта болған еді. Өткен тәулікте ауру жұқтырған 76 адам анықталды. Ал бір апта бұрын күніне шамамен 120 науқас тіркелетін. Қазір ауруханаларда 454 адам коронавирустан ем қабылдауда. 94-інің жағдайы ауыр. Мамандардың ай туынша, облыста әлі де шектеулер сақталады.
Серік Омарханов, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Ауыршаңдық деңгейінің негізгі бір себептерінің бірі түсуінің бұл өткізіліп жатқан екпе компаниясы орын алуда деп ойлаймын. Бізде тәуелді топтардың арасында қазіргі күні бірінші компонентпен 62,5 пайызы қамтылған, екінші компонентпен 57,2 пайызы қамтылған.