Ақтөбеде салықтан жалтарған кәсіпкерге сот үкім шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде салықтан жалтарған кәсіпкерге сот үкім шығарды

08.11.2021

Ақтөбеде салықтан жалтарған кәсіпкерге сот үкім шығарды. Мемлекетке берешегі 350 миллион теңгеге жеткен. Ол салық декларациясына жалған мәліметтер енгізіп, сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтер құнын әдейі жоғарылатып отырған. Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. Сотта ол кен орнындағы жұмыс үшін көліктерді жалға алғанын, өз міндетін толық орындағанын айтқан. Алайда сот кәсіпкердің сөзі жалған екенін дәлелдеп, 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ай, мемлекет пайдасына 350 млн теңге төлейтін болды.


Хабарламаларға жазылу