Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген сот қызметкері 15 күнге қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген сот қызметкері 15 күнге қамалды

16.02.2022

Павлодардың облыстық соты өз қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Бас маман болып жұмыс істейтін 31 жастағы әйел мас күйінде көлік жүргізген. Түн ортасында ұстаған полиция қызметкерлері алкотестер арқылы оның ішімдік ішкенін анықтаған. Алайда, жүргізушіні медициналық сараптамаға бірден апармаған. Тек, екі сағат өткен соң сараптама жасалады. Сот қос тарапты да жазалау қажет деген үкім шығарды.

Агидель Ибраева, облыстық соттың баспасөз хашысы:

Сот Н-ның кінәсінің дәлелдемелерін ескере отырып 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру мен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды тағайындады. Сонымен қатар Н-ның өтініш хаты бойынша уақтылы химикалық-таксикологиялық сараптаманың тағайындалмауы, сот отырысының кейінге қалтырылуына себеп болған.Заңдылықтарды бұзу фактісі бойынша облыстық полиция департаментіне жеке қаулы шығарылды. Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу