Жапонияда былтырғы тамыздан бері алғаш рет соңғы 24 сағатта коронавирустан өлім-жітім тіркелген жоқ. 126 млн-ға жуық тұрғыны бар елде бір тәулікте 126 адамнан вирус анықталған. Бұл туралы жексенбіде жарық көрген мәліметте көрсетілген. «Рейтердің» ақпаратына сай, жапондардың 77,8 пайызы ковидке қарсы вакцинаның бір дозасын, ал 92,5 пайызы толық компонентін алған.