АҚШ-та шетелдік туристерге қатысты 2020 жылы енгізілген шектеудің күші жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та шетелдік туристерге қатысты 2020 жылы енгізілген шектеудің күші жойылды

08.11.2021

АҚШ-та шетелдік туристерге қатысты 2020 жылы енгізілген шектеудің күші жойылды. Құрама Штаттар дүйсенбіден бастап толық вакцина алған саяхатшылардың елге ағылуын күтіп отыр. Осыған орай әуе компаниялары терминалдарда ұзын-сонар кезек түзілетінін ескертті. Елге кіру үшін шетелдіктер коронавирусқа қарсы егілгенін растайтын вакцина төлқұжатын, теріс нәтижелі ПТР-тестін көрсетуі тиіс. Бұл талап 18 жасқа толмаған балаларға қойылмайды.   

Хабарламаларға жазылу