«Абай» шахтасы 1954 жылы іске қосылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абай» шахтасы 1954 жылы іске қосылған

07.11.2021
0:00:00
0:00:00

Апат болған «Абай» шахтасы 1954 жылы іске қосылған. Жобасын Қарағанды мемлекеттік шахта жобалау институты жасаған. Кеніште көмір мен газдың кенеттен атылу қаупі жоғары болғандықтан, кешенді дегазация қолданылады. Кеніш «шахта-лава» жүйесімен жұмыс істейді. Көмір жоғары қарай ленталы конвейерлермен тасымалданады. Бұл жерде жылына 1 миллион тонна көмір өндіріледі. «Абай» шахтасы 1996 жылдан бері "Арселор Миттал Теміртау" акционерлік қоғамына тиесілі.


Хабарламаларға жазылу