Бүгін - жазушы Леонид Соболевтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - жазушы Леонид Соболевтің туған күні

21.07.2015
Бүгін - жазушы Леонид Соболевтің туған күні

117 жыл бұрын (1898-1971) жазушы, Соцалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Леонид Соболев дүниеге келген.

1939-1940 жылдары Кеңес-Фин соғысы кезінде, ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдары «Правда» газетінде, Кеңес ақпарат бюросы және  Әскери-теңіз флоты бас саяси басқармасында  әскери тілші қызметін атқарды.

Баспа бетінде жарық көрген тұңғыш еңбегі - «Ленин в Ревеле» (1926 ж.) очеркі. 1932 жылы «Капитальный ремонт» романы, 1942 жылы «Морская душа» атты майдан тақырыбына арналған очерктері мен әңгімелер жинағы, 1954 жылы «Зелёный луч» повесі шықты. 

«На главном курсе», Ветер времени» және тағы да басқа бірқатар публицистикалық кітаптардың авторы.

1935 жылы Қазақстанға сапары аясында жазушы шығармашылығын жаңа туындылармен толықтырды. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын орыс тіліне аударып, «Абай» трагедиясын жазды. Сондай-ақ, «Қазақ халқының эпостық жырлары мен фольклоры» еңбегінің авторы.

 

Хабарламаларға жазылу