Президент қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты

07.11.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында жарылыс салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Президент Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды. Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

Хабарламаларға жазылу