Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың саны 1 миллион адамнан асты. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы тәулікте үш мыңға жуық адам екпе алған. Қазір мегаполис COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар саны бойынша көш бастап келеді. Шаһарда 137 егу пункті жұмыс істеп тұр. Олар медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен ірі сауда орындарында орналасқан.