Қазақстанда вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты

15.04.2021

Қазақстанда вакцина салдырған адамдар саны жарты миллионнан асты.

Мұндай ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі таратып отыр. Ел бойынша 1 компонентпен 505 мың адам, екінші компонентпен 108 мыңға жуық адам екпе алған. Вакцинаны алматылықтар өте көп салдырған. Мұнда 1 компонентпен екпе алғандардың саны 107 мыңнан асады. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы - 43 500 адам. Тізімде үшінші болып 59 мың адаммен Алматы облысы тұр. Вакцинациялау қарқыны Қызылордада төмен - 14 мыңға енді жуықтаған. Атырауда 11 мың болса, ең аз көрсеткіш Маңғыстауда - 9500 адам егілген.

Оңғар Алпысбайұлы


вакцина

Хабарламаларға жазылу