Теріскейде жасөспірімдерге екпе салына бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде жасөспірімдерге екпе салына бастайды

05.11.2021

Солтүстік Қазақстанда қарашаның ортасынан 16-18 жастағы жасөспірімдерге екпе салына бастайды. Одан кейінгі кезекте 12 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер қамтылмақ. Бұл жайында бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Пандемия басталғалы облыста 29 мыңнан астам адам кесел жұқтырған. Тек өткен тәулікте 163 адамнан ковид анықталды. Олардың көпшілігі - Қызылжар қаласының тұрғындары. Өңір бірнеше аптадан бері «қызыл аймақта».

Арман Күшбасов, СҚО санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Pfizer компаниясының вакцинасы егіледі. Оның құрамында вирус жоқ. Сондықтан коронавирус инфекциясын тудыра алмайды. Ол облысқа екі апта ішінде жеткізілуі тиіс. Жасөспірімдерге екпе салу ерікті түрде жүргізіледі. Ата-анасының жазбаша рұқсаты болуы міндетті. Бірінші және екінші компоненттің арасы 42 күн.


Хабарламаларға жазылу