Президент Қытаймен арадағы шектеулер тезірек аяқталатынына сенім білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қытаймен арадағы шектеулер тезірек аяқталатынына сенім білдірді

05.11.2021

Мемлекет басшысы IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсімінде бейнеүндеу жасады. Ол шекарадағы уақытша шектеулер тезірек аяқталарына сенім білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

«Биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл. Қарқынды дамып келе жатқан Қытай елі Азиядағы ең басты және сенімді серіктес болып қала береді», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Пандемияға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасына енгізілген уақытша шектеу шаралары тезірек аяқталып, алыс-беріс қайта жанданарына сенім білдірді.



Хабарламаларға жазылу